«Нұр Сәуле-KZ» бөбекжай балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі туралы ақпараттық анықтама
| 1 | Мектепке дейінгі ұйымның атауы | Келес ауданының «Нұр Сәуле-KZ» бөбекжай – балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
| 2 | Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен – жайы) | Түркістан облысы,Келес ауданы,Құйған ауылы,Балықшылар №56 |
| 3 | Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, web сайт) | Ұялы телефон: +77756179897 Электрон поштасы: saltanat.yunusova@icloud.com Web сайт. https://nur-saule-kz-bb.edu.kz/ |
| 4 | Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшысының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі | Юнусова Салтанат Даврановна Келес аудандық ЖШС «Нұр Сіуле-KZ» б/б құрылтайшысының 2019 жылғы 28 тамызда № 1 бұйрықпен меңгеруші болып тағайындалған. |
| 5 | Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/ куәліктің көшірмесі қоса беріледі) | Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықтама заңды тұлғаның қайта мемлекеттік тіркеуден 30.01.2020ж өткен. БСН 190940005555 |
| 6 | Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон) | KZ68RVK00025259 хабарлама 17.11.2020ж |
| 7 | Құрылған жылы | 2019 жыл |
| 8 | Типтік ғимарат | бір қабатты,екі қабатты ыңғайластырылған |
| 9 | Топтар саны | 6 топ |
| 10 | Балаларды оқыту тілі | Қазақ тілі |
| 11 | Жұмыс аптасының ұзақтығы | 5 күндік |
| 12 | Ауысым саны | Тәрбиешілер: 1 ауысым |
| 13 | Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс – әрекетінің ұзақтығы — минутпен | Жас ерекшеліктері: 5 жас-МАД топ, 25-30минут 4 жас — ересек топ, 20-25 минут 3 жас -ортаңғы топ, 15-20 минут 2 жас – кіші топ, 10-15 минут |
| 14 | МҰД – ның жобалық әлеуеті | Балабақша орны 145 балаға арналған. 20.09.2019 жылы №X.18.X.KZ11VWF00013152 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды 3топ ашуға берілген. 03.12.2020жылы №X.18.X.KZ80VWF00033250 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды тағы 3 топ ашуға берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды. |
Балабақша ғимараты 1 және 2 қабатты типтік жобада ыңғайластырылған. Балабақша 145 орындық, 6 топ жұмыс жасайды. «Айжұлдыз» Кіші топ 2 жас, «Балбөбек» ортаңғы топ 3 жас, «Ботақан» ортаңғы топ 3 жас, «Береке» ортаңғы топ 3 жас «Балдәурен» ересек топ 4 жас, «Еркетай» МАД топ 5 жас. Әр топ жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс жасайды, сағат 8:00- бастап 18:30 сағатқа дейін. Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде. Балабақшада 6 топта ойын бөлмелері, жатын бөлмелері, жуынып – шайынатын бөлмелері бар. Бұдан басқа мед кабинет, акт залы, асхана, қойма, әдістемелік кабинеті бар. Материалдық – техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі, кәріз жүйелері кіргізілген. Су , электр жүйесі орталықтандырылған. Балабақша өрт – дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал- сайман жабдықтарымен жабдықталған. Балабақша ауласы көгалдандырылған, жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын алаңы өз дәрежесінде жабдықталған.Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, бөлек қоршаулармен бөлінген. Балалардың денсаулығын нығайтатын ойын құралдарымен жабдықталған.